Қазақстан үшін бедеулік мәселесі маңызды, себебі жыл сайын шамамен 20 мың жұп бедеулікке шалдығады. Оның ішінде шамамен 8 мың жұп қосымша репродуктивтік технологияларға яғни экстракорпоральді ұрықтандыруға (ЭКО) мұқтаж. Бұл басқа әдістердің көмегімен жүктілікке қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады.
Жалпы, Қазақстанда бедеулікке шалдыққан некелер жиілігі – 15 пайыз. ДСҰ мұндай деңгейді мемлекеттік проблема деп санайды. Себебі бұл халықтың демографиялық көрсеткішіне кері әсер етеді.
1995 жылғы 18 сәуірде Қазақстанда бедеулікті емдейтін алғашқы экстракорпоральді ұрықтану зертханасы – «Экомед» клиникасы ашылды. Жарты ғасырда біраз балаға өмір сыйлаған Қазақстандағы ЭКО әдісінің енгізілгеніне бүгін 25 жыл толды.