Президент дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне алғыс айтты
Президент дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне алғыс айтты
265
оқылды
Президент Қасым Жомарт Тоқаев пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министріне алғыс білдірді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Twitter-де жазды. «Пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын», – деді Президент.