Қазақстан үш айда 13 млрд доллардың тауарын экспорттаған екен. Бұл жайында Үкімет отырысында ел экономикасының І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтқан.
«Осы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 20,4 млрд долларды құрады. Экспорт көлемі 13,3 млрд доллар болды», — деді Р. Дәленов.
Оның айтуынша, мұнай мен металдарды қоспағанда экспорттық жеткізілімдердің өсімі 19,8 пайызға жеткен.
«Импорт 2,7 пайызға төмендей отырып, 7 млрд долларды құрады», — деді ол.