Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам да науқастармен байланыста болған
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам да науқастармен байланыста болған
© Сурет ғаламтордан
253
оқылды
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам туралы ақпарат (20.04.2020 жылғы сағат 22:15-тегі мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 5 айел және 2 ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 20.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 90 адам анықталды.