200 мыңнан аса шымкенттік коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алады
200 мыңнан аса шымкенттік коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеден алады
Фото: Интернеттен алынды
127
оқылды
Шымкентте 200 мыңға жуық тұрғынның коммуналдық қызметтер төлеміне өтемақы беріледі. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, коммуналдық шығыны үшін 15 мың теңге алатындардың қатарында әлеуметтік аз қамтылғандар, көпбалалы аналар, жалғызбасты зейнеткерлер т.б. санаттағы азаматтар бар. «Бұл мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы абоненттердің тізімін жасап, жинақтау үстінде. Тұрғынның әлеуметтік мәртебесі расталған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушыларының дербес шоттарына тиісті қаржы аударылады, - деді қала әкімінің орынбасары. Еске сала кетейік, мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде коммуналдық шығыны үшін төлем алушылардың қатарында мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы жанұялар, соғыс ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында қаза тапқан тұлғалардың отбасылары, төмен және одан аз зейнетақы алатын және атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер бар.