Аудандарды сынға алды

Аудандарды сынға алды

Облыс әкімі Гүлшара Әбді­қалықованың төра­ғалы­ғымен төтен­ше жағ­­­­дай­­лардың алдын алу және жою жө­нін­дегі об­лыс­тық ко­мис­сия оты­рысы өтті. Жиын­­да Жа­ңа­­қорған, Шиелі және Сырдария аудан­да­рында індетпен күрес айтар­лық­тай деңгейде жүргі­зіл­мей жатқаны айтылды. Жиында Г.Әбдіқалықова ең ал­дымен коронавирусқа қар­сы күресті күшейту, төтенше жағ­­дай кезінде экономиканы тұ­­рақ­тандыру және халықты әлеу­меттік қорғау шараларының ма­ңы­зына тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев еліміздегі төтен­ше жағ­дай режимін сәуір айының со­ңына дейін ұзарту жөнінде ше­шім қабылдады. Қазір біздің ал­дымызда шұғыл әрі нәтижелі шаралар арқылы індетті ауыз­дық­тап, Президент берген тап­сыр­ма­­­ларды уақытында әрі мүл­тік­сіз орын­­дау міндеті тұр», – деді облыс әкімі.  

6443 отбасына компьютер берілді

Білім беру саласына байла­нысты аймақта 30 колледж, 293мектеп қашықтан оқыту жүйе­­сіне көшірілді. Бірақ жүйеде әлі де олқылықтар кездеседі. Ай­мақ басшысы білім басқармасы мен қала және аудан әкімдері­не телеарна, интернет-платфор­ма­лардың мүмкіндігін толық пайдаланып, оқыту процесін барын­ша тиімді ұйымдастыруды жүкте­ді. Айта кетейік, облыста элек­тронды құрылғылар жетіс­пейтін 6443 отбасына мектеп ба­засындағы компьютер уа­қыт­­ша пайдалануға берілген бо­­латын. Balapan, «Ел арна» теле­­арналарынан көрсетілетін сабақтармен аймақтағы оқушы­лар­дың 54%-ы қамтылған. Жергі­лікті Qyzylorda, «Қоғам ТВ» теле­арналары арқылы бастауыш сы­нып­тардың сабағы қайталанып көр­сетілуде. Қызылорда қаласы мен аудан орталықтары және оған жақын орналасқан елді мекен оқушылары 46% немесе 71 254 оқушы Kundelik.kz, BilimLand, Daryn.Online платформалары арқы­лы білім алуды бастады.Сон­дай-ақ облыс бойынша ин­тер­неті және ұялы байланысы жоқ шалғай 25 елді мекендегі 2 646 оқушы Balapan арнасындағы телесабақтармен дайындалады. «Коронавируспен күресте ал­дың­ғы шепте жүрген меди­цина қызметкерлерін қолдау мақ­сатында өңірде 366 қызметкерге үсте­меақы төленді. Мемлекет бас­шысының тапсырмасына орай,вируспен күреске жұ­мыл­ды­рылған медицина қызмет­кер­­леріне жан-жақты қолдау көр­сету керек. Бір күндік мер­зім­де кімге қандай көмек қа­жет екенін анықтаңыздар.Бұ­ған қоса,коронавирус инфек­ция­сы та­ралуының алдын алу және ем­деу шараларына қа­жет­ті жаб­дық­тарды жеткізіп беру ке­рек», – деді Гүлшара Нау­ша­қы­зы.  

Тиісті деңгейде орындалмады

Жиында аймақ басшысы Жа­ңа­қорған, Шиелі және Сыр­да­рия ауданында індетпен күрес жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмегенін атап өтті. Осы­ған орай, әрбір аудан тиісті ше­шім қабылдап, қауіпсіздік ша­ра­ларын толық бақылауға алуы тиіс. «Көпшілік шараларды өт­кі­зуге тағы бір мәрте жол бе­ріл­­се, аудан әкімдеріне қатаң шара қолданамыз» деген аймақ басшысы өзге де маңызды мәсе­ле­лерге тоқталды. Сондай-ақ биыл 183 мың гектар жерге дән­­ді дақыл егіледі. Көктемгі дала жұ­мыстарына 14 мың тон­на ди­зель отыны бөлінген. Ж­а­нар­­май арзандатылған бағада жеткізілуде. Күріш егу жұмыстары 20 сәуір­ден басталады. Гүлшара Әбдіқалықова облыста әлеу­мет­тік маңызы бар өнімдер баға­сы­ның қымбаттығын да тілге тиек етті. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне бақылауды күшейтуді міндеттеді. «Азық-түлік бойынша бізде бірнеше өнімнің бағасы кө­те­рілді. Осы мәселені қолға алу керек. Қала­ның барлық жерін аралап, тек­серу жүргізіңіздер.Со­сын тұ­рақ­тандыру қорындағы өнім­­дер жеткілікті болуы тиіс.Қа­зір көктемгі егіс науқаны бас­­­­­талды. Бұл – біз үшін күн тәр­­­ті­біндегі ке­зек күттірмейтін ша­­­ралардың бірі. Бір жағы­нан ви­русты жұқтыр­мау жа­ғы­н қарап, жұмысты жал­ғас­­­ты­ры­­­ңыздар. Әсіресе, Жа­­ңа­­­­­­­­­­қор­­­ған, Шиелі, Сырдария ау­­­­­­­­дан­­­­­­­­дарын­дағы індеттің ошағы бол­­­­­ған ауылдар көктемгі дала жұ­­­­мыс­­тарына қа­жет­ті шараларды дер ке­зін­де қабыл­дауы қажет. Себе­бі көк­темнің бір күні – жыл­ға азық», – деді өңір басшысы Гүл­шара Әбді­қалықова.  

Миуа БАЙНАЗАРОВА