Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адам туралы ақпарат
COVID-19 Екібастұз қаласының тұрғыны, 2002 жылғы жас баладан анықталды.
Ол жөтел және дене қызуының жоғарылауы белгілерімен көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылған. COVID-19-ға алынған талдау нәтижелері 21.04.2020 ж. оның вирусты жұқтырғанын көрсетті.
Азаматпен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемиологияғы қарсы іс-шаралар қолға алынған.
21.04.2020 ж. сағат 22:35-тегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам тіркелген.