Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы ақпарат
(21.04.2020 жылғы мәлімет бойынша)
COVID-19 жұқтырған екі адам Атырау қаласынан тіркелді. Олар 1965 және 1968 жылғы әйел адамдар. Екеуі де коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар түгел анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
21.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 вирусын жұқтырған 82 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны 23-ке жетті.