19 сәуір күні сағат 17.00-де "Байқоңыр" аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің инспекторы ҚР Қорғаныс министрлігінің екі әскери қызметкерімен бірлесіп, жоспарға сәйкес көшелерді патрульдеуге кірісті.
Патрульдеу барысында сағат 18.45 шамасында азаматша оның көршілері аулада спирттік ішімдіктер ішіп, шулап, бөтелкелерді сындырып, көршілердің ескертулеріне құлақ аспайтыны, қоғамдық тәртіпті бұзғанын айтып шағымданған.
Содан кейін полиция қызметкері мен әскери қызметшілер аталған мекен-жайға барып, үйдің алдында қоғамдық тәртіпті бұзған он шақты адамды (ішінде үш әйел бар) көреді.
Төтенше жағдай кезінде карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы билік өкілдерінің талаптарына соңғылары агрессивті қарсылық көрсетті. Олардың бірі бұрын бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылған азамат Заболотин Павел Николаевич, 17.09.1992 ж. т., мас күйінде полиция қызметкеріне жұдырық ала жүгіріп, әр түрлі дене жарақатын салып, киім формасын бүлдірді. Қалғандары, соның ішінде әйелдер де сақшыларға қасақана бағынбай, оларға тастарды лақтырып, былапыт сөздер айта бастады.
Жаяу патрульге көмек көрсету үшін қосымша полиция күштері шақырылды.
Оқиғаның барлық қатысушылары істің мән-жайын анықтау үшін "Байқоңыр"ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша П. Н. Заболотинге қатысты ҚР ҚК 380-бабының 3-бөлігінің 9-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкіліне қатысты күш қолдану).
П. Н. Заболотин ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, тергеу судьясының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.
Қалған қатысушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 476-бабының 6-тармағы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
"Instagram" әлеуметтік желісінде түсірілген бейнежазба жалпы мазмұннан кесіліп алынған. Полиция қызметкерлерінің П. Н. Заболотныйды ұстау бойынша іс-әрекеттері түсірілген бейнежазба бойынша, Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы құқықтық баға беру үшін ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану).
https://youtu.be/P5vn7J1YJyo