9 айдан бері сандалған диқандар карантинге қарамай Тоқаевқа видеоүндеу жолдады
9 айдан бері сандалған диқандар карантинге қарамай Тоқаевқа видеоүндеу жолдады
Фото: Интернеттен алынды
270
оқылды
Жамбылдық шаруалар былтырдан бері ала алмай жүрген еңбекақысын талап етіп отыр, – деп хабарлайды AstanaTV. Айтуларынша, қант қызылшасын егетін диқандардың қаржысы қалмаған. Мәселені жергілікті биліктің 9 айдан бері шешіп бере алмай отырғанына наразы. Амалы таусылған диқандар карантинге қарамастан, егістік алаңына жиналып, Мемлекет басшысына бейнеүндеу жолдады. Барар жер, басар тауы қалмаған диқандар басқа амалымыз жоқ дейді. Жергілікті билік бірінен соң бірі уәде төккенімен, қайыр болмай тұр. Шаруалар қант қызылшасын Меркі зауытына өткізгеннен кейін, келісімшарт бойынша 90 күннің ішінде ақшасын алуы тиіс болған. Алайда одан бері 9 ай өткен. Облыс әкімінен қайыр болмаған соң, диқандар ауыл шаруашылығы басқармасы басшысына хабарласқан. Басқарма мәселені 15 мамырға дейін шешеміз деп отыр. Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев: «Мамырдың 15-не дейін қарызды түгелімен жабады. Нақты жоспарымыз бар. Одан да ертерек болып қалуы мүмкін», – дейді. Шаруалар былтыр барлығы 126 мың тонна өнім өткізген. Зауыттың берешегі – 680 миллион теңге.