Көкталда белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр
Көкталда белгісіз індеттен ірі қара жаппай қырылып жатыр
Фото: КТК арнасынан скриншот
278
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Көктал ауылында ірі қара белгісіз індеттен жаппай қырылып жатыр. КТК-ның хабарлауынша, сиырға келген індеттің тарағанына екі аптадан астам уақыт өтсе де, бәсеңдейтін түрі жоқ. Ауыл әзірге карантинге жабылмаған.Төрт түлікпен жан бағып отырған ауылда мал қоралар  қаңырап бос қалған. Тұрғындардың айтуынша, белгісіз індет өршімес үшін ауылды карантинге жабу қажет. Індеттен қырылған сиырдың саны 200-ден асады. Ал жергілікті билік бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылдамаған. Ветеринарлар тұрғындарға малды сатуға, союға тыйым салған. Қазір мамандар арнайы коммисия құрып, тексерісті бастады. Өлген ірі қарадан сынама алынып, зертханаға жіберілді. Оның қорытындысы мамырда белгілі болады. «ҮРЖАР-ВЕТ» ММК директоры Әсет Абайбеков: «Бүгінде ешқандай өтемақы береді деп айта алмаймыз. Өйткені мемлекеттен ауруға байланысты төленетіні және төленбейтіні бар. Қай ауруға жататынын білмей тұрмыз», – дейді.