Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат
(22.04.2020ж. мәлімет бойынша)
Маңғыстау облысында коронавирусты жұқтырған 2 адам анықталды.
Олар 73 және 21 жастағы Ақтау қаласының тұрғындары. Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Казіргі уақытта науқастар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылған.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
22.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде 18 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.