Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат
(22.04.2020 жылғы сағат 22:50-дегі мәлімет бойынша)
Вирус жұқтырған 28 азаматтың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы барлығына қойылды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емді қабылдап жатыр.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
22.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 131 адам анықталған.