1923 жылы дүниеге келген Хәкім Құрманғалиев әскерде гвардияның аға сержанты болған. Өзі әскерге 19 жасында шақырылған. Содан Суворовтың Қызыл ту орденін иеленген 97-ші гвардиялық атқыштар дивизияға қарайтын 141 гвардиялық байланыс батальонның телеграфті-кабельді ротасының бөлім командирі атанды.
Алматы облысының азаматы Одер өзенін тездетіп өту барысындағы шайқаста ержүректік пен ептілік қасиетімен көзге түскен. Ол кезде немістер өзеннің сол жақ жағалауындағы плацдармды уысынан шығарғысы келмеді. Олар түн ортасында аяқастынан артиллериялық минометтан және пулеметтан оқ жаудырды.