Көздегенін мүлт жібермеген Құрманбай
Көздегенін мүлт жібермеген Құрманбай
© Сурет интернеттен алынды
259
оқылды
Құрманбай Құрманғазиев бұрынғы Гурьев облысының Форт-Щевченко ауданында 1920 жылы дүниеге келген. Гвардияның кіші сержанты кейіннен 218 гвардиялық полктің  командирі атанды. Құрманбай Висла өзенінің батыс жағында жаудың берік қорғанысын жеңуде үлкен ерлік көрсетті. Сол үшін де «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Ол 1945 жылдың 14 қаңтарында қаймықпастан жаяу әскер құрамының  алғы шебіне шыққан. Өз пулеметімен жауға оқ жаудыра отырып, арттағы жаяу әсерге жол ашып отырды. Сол шайқаста ол бір өзі 35 неміс солдаты мен офицерін жойды. Қарсыласты қуғындау кезде де Құрманбай әрдайым алдыңғы қатардан табылатын. Алдына түскен жауды түбімен жойып салатын.  Сөйтіп, біздің бөлімшелеріміздің алға тез жылжуына бірден бір үлес қосқан жан.

[caption id="attachment_38051" align="alignleft" width="521"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption] Ұрыстың шешуші кезеңінде де Құрманбай Құрманғазиев орнынан тайған емес. Мәселен, Рад қаласын басып алудағы шайқасты еске алса болады. Қарсылас бүкіл қалған күшін осы жерге шоғырландырды. Олардың басты мақсаты – біздің бөлімшелерді алға бір қадам жылжытпау. Тіптен басып кірген жерінен тайдыру еді. Сол кезде ол жаудың күшті қарсылығына назар аудармай, әскер үшін, отан үшін жанқиярлық танытты. Жаяу әскер құрамасының алдына түсіп, жаудың оң жақ қатпалынан жылдам жетіп алған. Пулеметін орната салып, арадағы қашықтықты жақындату үшін қолайлы сәтті күтті. Соңында бір өзі немістің 47 сарбазы мен офицерін жойып салды. Осылайша, Рад қаласын басып алуға ықпал тигізген еді.