Мәжіліс депутатының айтқаны – жалған
Мәжіліс депутатының айтқаны – жалған
©А.Ахметқазы
238
оқылды
Депутат Азат Перуа­шев­­тың мәжілістегі мә­лім­­де­месі елді елең ет­кіз­ді. Оның айтуынша, медуни­вер­ситеттер эпи­­де­­мио­­лог мамандар даярлауды 15 жыл бұрын тоқтатқан. Шы­ны­мен со­лай ма? Де­пу­тат сөзінің рас-өті­рі­­гін анықтау мақ­­­­­сатын­да Денсаулық сақ­­­тау ми­нистр­лігі мен таң­­дау­лы ме­дицина уни­вер­­­­­си­тет­те­ріне сауал жол­­да­­дық. Алдымен депутат датын талдап көрелік. Айтқан ойына қарай жеке-жеке жауап іздедік. «Оқу орындарында «Эпидемиология» мамандығы жоқ, оған қоса қойы­латын біліктілік талаптары жоғалған» деген сөзі қисынға келмейді. Астана медициналық университеті медиа-баспасөз орталығының басшысы Динара Қожахметованың айтуынша, еліміз дамыған 30 елдің қата­рына кіру мақсатында оқу орын­дары еуропалық стан­дарт­­қа көшкен. Сол үшін эпи­де­миология мамандығының ауқымын кеңейтіп «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеті ашылған. Ал бұл факультетті бітіргендер эпидемиолог, тауар­лар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департа­ментінде және денсаулық сақтау менеджері болып жұмыс істей алады. «Соңғы 13-15 жылда уни­верситет эпидемиолог дәрігер­лерді дайындамады деген пікір жалған. Қазір бұл мамандық «Қоғамдық денсаулық сақтау» деп аталады. Біз аталған мамандықпен жылына 70 студентті даярлаймыз. Қазақстан бойынша шамамен 400 түлек «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығын бітіреді. Айта кетерлігі, эпидемиология медициналық университеттегі барлық мамандықта оқытылады. Мәселен, 2 курста олар гигиена курсын өтеді. 3 курста да эпи­де­миология туралы білімін шың­дайды», – дейді Динара Есен­ғали­қызы. Ал Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлттық медицина уни­вер­ситетінде де эпидемио­ло­гия факультеті жоқ. Дегенмен «Санитарлық гигиена» мен «Меди­ко-профилактикалық іс» факультеті болған. 2017 жылы заманауаи стандартқа негізделген «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы дүниеге келген. Бұл мамандықты бітіргендер эпи­де­миолог, нутрициолог дәрі­гер атанады және санитарлық эпидемиологиялық орталықтарда жұмыс істейді. Жоғарыда министрлікке сауал жолдағанымызды жаз­дық. Денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің хабарлауынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке маман даярлау 15 жыл бойы тоқ­таусыз жүрген. Тек СЭС маман­дығы бойынша маман даярлаудың траекториясына өзгеріс енген. Бұл Қазақстанның Болон үдері­сіне көшуімен, үш деңгейде кадр даярлау сая­са­тына байланысты екен. Яғни, үш деңгей деп отыр­ғаны – «бакалавр – магистр – PhD докторы» дәрежесі. Ал қо­ғам­дық денсаулық сақтау жүйе­сі ДДСҰ ұсынған «Бақылау және халықтың әл-ауқатын баға­лау» тұжырымын негізге ала­­ды. Сондықтан бакалаврда «Қо­ғамдық денсаулық сақтау» ма­мандығы бойынша білім алып, магистратурада «Қоғамдық ден­саулық сақтау» және «Меди­ко-профилактикалық іс» ма­ман­дығы бойынша білімін шың­дайды. Ал депутат айтқан мамандық бойынша жаңа оқу жылынан, оның ішінде «Болашақ» бағдар­ламасы бойынша қосым­ша грант болу керегі – күн тәртібінде тұр. Мұны министрлік те мақұлдады. Өздеріңізге мәлім, індеттің та­ралуы медицина саласын есең­гіретіп тастады. Астана ме­ди­­­циналық университеті де эпи­­­демиолог мамандығы бо­йын­­­ша магистратурада кеңі­нен білім беруді жоспарлап отыр. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына түсу үшін өткен жылғы шекті балл 128 балл болды. 2019 жылы жалпы 61 түлек грант­қа түскен. Одан бөлек, 7 сту­дент­ке осы мамандық бойын­ша Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де грантта оқуға мүм­кін­дік берілген. Байқасаңыз, аталған мамандыққа бөлінетін грант саны аз. Ал еліміз­дің бас санитары Айжан Есма­ғам­бе­­това қазіргі таңда елімізге 800-ге жуық эпиде­мио­лог же­тіс­­пейтінін мә­лімдеді. Жалпы, елде 1 518 эпидемиолог бар. Оның ішінде эпидемиолог-дә­рі­герлер – 696.  

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ