Берлин марафоны өтпейтін болды
Берлин марафоны өтпейтін болды
178
оқылды
Коронавирус дерті әлемді алаңдатып тұр. Көптеген іс-шара кейінге шегеріліп жатыр. Сондай шараның бірі – Берлин марафоны болатын. 27 қыркүйек күні өтуі тиіс мара­фон белгісіз уақытқа кейінге шегеріл­ді. Берлиндегі бұл бәсеке әлемдегі ең әйгілі марафондар қата­рында еді. 2018 жылы кениялық Элиуд Кипчоге аталған мара­фонды 2 сағат 1 минут 39 секундта жүгіріп өтіп, ерлер ара­сын­дағы әлемдік рекордты орнатқан еді. Биыл COVID-19 інде­тіне байла­нысты марафонның өткізілу уақыты әлі анықталған жоқ. Айта кетейік, әлемге жайылған індетке байланысты Лондон мен Бостондағы марафондар да кейінге шегерілген болатын.  

Ж.НҰРЛАН