Үздік кітапханашылар мен музей қызметкерлері марапатталды
Үздік кітапханашылар мен музей қызметкерлері марапатталды
383
оқылды

Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған республикалық «Рухани қазына-2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Аталған фестиваль Мәдениет және өнер қызметкерлері күні кәсіби мерекесі қарсаңында өткізіліп отыр.

Мәдениет саласының 300-ге жуық қызметкерлерінің басын қосқан аталмыш шара барысында еліміздің 14 өңірінен 250-ге жуық өтінім қаралған.

– Бұған дейін әр ауылдағы кітапханалар мен музейлерде басталған байқау бірнеше кезеңнен өтіп, қорытынды межеге жақындады. Бұл фестивалдің мақсаты – үздік қызметкерлер мен орталықтарды саралау ғана емес, өзара тәжірбие алмасып, жаңа сапаға көтерілу үшін бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік сыйлау, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Нәтижесінде мемлекеттік музейлер (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар), мемлекеттік кітапханалар (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) арасында 9 номинация бойынша анықталған үздіктерге арнайы марапаттар табысталды.

Соның ішінде музей ісі бойынша «Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей ретінде танылды. Қостанай облысындағы «Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі» үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей болып анықалды. Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері болып Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының ақпараттық-білім беру бөлімінің меңгеруші Карибаева Шынар Мерсаликқызы марапатталды. Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері болып Алматы облысының «Батыр бабалар мемориалды» музейінің меңгерушісі Әлім Орынбасар Тәлімжанұлы атанды.

Кітапхана ісі бойынша үздік облыстық маңызы бар кітапхана ретінде Солтүстік Қазақстан облысындағы С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы танылды. Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана болып Жамбыл облысының Талас аудандық орталық кітапханасы анықталды. Атырау облысының Ақкиізтоғай ауылдық кітапханасы үздік ауылдық маңызы бар кітапхана деп танылды. Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналаған арнаулы кітапхана да үздіктер қатарынан көрінді. Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері болып Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі Досмағанбетова Қалдыгүл Жалауқызы марапатталды. Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері ретінде Ақмола облыстық Зеренді орталық аудандық кітапхана қызметкері Ғабдулманова Гәкку Жанғалқызы марапатталды. Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері Талдықорған қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Өтенай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сейлханова Гүлнархан Оралханқызы атанды. Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкері болып «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналаған облыстық арнайы кітапханасы» басшысының орынбасары Қуантаева Лаззат Серікқызы (Павлодар облысы) марапатталды.

Мәдениет үйлері бойынша «Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығы» ретінде  «Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы танылса, «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайы» ретінде Батыс Қазақстан облысының Бөрлі аудандық демалу орталығы анықталды. «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы» Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық мәдениет үйі болды. «Үздік облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері» болып  Павлодар облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық  қызметі орталығының бөлім меңгерушісі Бұзаубаева Аймагүл Әшімқызы марапатталды. «Үздік аудандық (қалалық) мәдениет үйі, мәдениет сарайының қызметкері» ретінде Ақмола облысының Атбасар аудандық мәдениет үйінің «Родничок» балалар би ұжымының хореограф-репетиторы Манукян Виктория Юрьевна анықталды. «Үздік ауылдық мәдениет үйінің, клубтың қызметкері» болып Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Айнабұлақ мәдениет үйінің меңгерушісі Марина Оразбекова танылды.

Байқау қатысушыларына арнайы марапатты Мәдениет және спорт министрлігі жауапты хатшысының м.а. Күміс Сейітова, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов, Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұналбаева, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлмира Шалабаева ұсынды. Сондай-ақ, байқауға қатысушыларға Мәдениет және спорт министрінің атынан алғыс хаттар табысталды.

Фестиваль Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру аясында өткізілді.