«Астана су арнасының» 4 қызметкері жазатайым қаза болды
«Астана су арнасының» 4 қызметкері жазатайым қаза болды
5,172
оқылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қайғылы оқиға тіркелді. «Астана Су Арнасы» мекемесінің 4 қызметкері жазатайым қаза болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Өз атымнан және әкімдік атынан көз жұмған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Қала әкімдігі барлық тиісті көмекті береді. Құзырлы орган өкілдеріне осы жағдай бойынша жан-жақты тексеруді тапсырдым», – деп жазды қала басшысы.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, олар метан газынан уланған. Оқиға елордадағы Оқушылар сарайының маңындағы құдықтардың бірінде болған.