Майдан алаңында шайқасты бастаған біздің бөлімшілер еді. Сол кезде 1287-атқыштар рота бөлімінің командирі Сұлтан Маматалиев жау траншеясын бірінші басып кіріп, қызыл туды ілді. Жараланса да, соңғы оғы қалғанға дейін сол жерді қорғап қалды.Әсіресе, 1944 жылдың 25-30 наурыз аралығында немістерден Виляга ауылын қорғап алғандағы ұрыс. Бұл ауыл бұрынғы Могилев облысы, Быхов ауданына қараған екен.
Бүкіл мақсаты – жау траншеясын толығымен басып алу. Ол міндетті толығымен орындалды. Трашеяның түбіне жеткенде шамасы біткен Сұлтан туды сарбаз Есмағзамовқа тапсырады. «Туды биік жерге қой да, одан бір қадам шегінбе» деп міндеттейді. Сөйтіп жау траншеясын әскеріміз жаулап алған.Артынан келген күш соғыстың екінші күнін жалғастырды. Сұлтан Маматалиев бұл ұрысқа да атсалысты. Ол жерде тағы жараланды. Оған да бой бермей, шайқасты тоқтатпады. Жолдағы кедергіні бәріне төтеп беріп, сансыз неміс әскерін жойып салды.