Желі қолданушылары әншінің жомарттығына тәнті болды.
«Нөміріңізді айтыңыз»: Мақпал Жүнісова 90 жастағы көрерменіне 100 мың теңге сыйлады (видео)
Фото: YouTube
337
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Ақтөбеде өткен концертінде 90 жастағы көрерменіне тосынсый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода белгілі болғандай, сол күні әншіге тыңдарманы 90 жасқа толған анасын концертке ертіп келгенін айтқан.

Кейін егде жастағы көрермен орнынан тұрып, сәлем берді. Әнші әжені туған күнімен құттықтап, 100 мың теңге ақшалай сыйлық берді. Сонымен қатар өзінің анасы да биыл 90 жасқа толатынын айтты.

Желі қолданушылары әншінің жомарттығына тәнті болды.

«Ай ақкөңілім-ай, Алла ниетіңізге берсін», «Пейілі кең адам ғой», «Бұл кісі осындай жомарттығымен ерекше», «Не деген жомарттық, аман болыңыз», «Әженің жасын берсін», – деп жазды желі қолданушылары.

Мақпал Жүнісова бұған дейін Астанада өткен концертінде жасы сексеннен асқан көрерменіне қолындағы сақинасын сыйға тартқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.