Палата басшысы есеп берді
Палата басшысы есеп берді
341
оқылды
Президент 22 қаңтарда «Атамекен» ҰКП прези­диу­мының төрағасы Тимур Құлыбаевты қа­был­дады. Бұл жайында Ақорданың бас­пасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына биз­нес секторының ахуалы, отандық кәсіп­кер­­ліктің проблемалары, сондай-ақ Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасының осы саладағы қызметінің қо­рытындылары туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроө­нер­кәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруа­шылығы тауарларын өндірушілерге қаржы ай­на­лымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайын­да баяндалды. Импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алу­лардың тиімділігін арттыру мәселелері тал­қы­ланды. Президент қолда бар ресурстардың бә­рін іскерлік белсенділікті ынталандыруға жә­не өндірісті дамытуға бағыттау қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар кездесу кезінде кәсіпкерлікті қол­дау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұ­мысының тиімділігі сөз болды. Ұлттық кә­сіп­керлер палатасының басшысы жаппай кә­­­сіпкерлік пен адами капиталды дамытуға не­гізделген «Үкімет бизнес үшін», «Бастау», «Жас кәсіпкер» жобаларының жүзеге асырылу ба­рысы туралы да айтты.