Қазақстан көгінде үшінші Embraer 190-E2 ұшағы қалықтайды
Қазақстан көгінде үшінші Embraer 190-E2 ұшағы қалықтайды
357
оқылды

Әуелайнер тікелей Бразилиядағы зауыттан ұшып келді. Бұл операциялық лизингке тапсырыс берілген 5 ұшақтан үшіншісі. Қалған әуе кемелер 2019 жылдың ішінде ұшып келмек.

Әуе кемесі екі қозғалтқышпен жабдықталған тар фюзеляжды реактивті ұшағына жатады. Ол қысқа және орта қашықтықта ұшуға арналған. Ұшудың максималды қашықтығы – 5300 км. E190 моделімен салыстырғанда 1000 шақырымға артық ұша алады. Е2 ұшағының аэродинамикасы жақсарған, фюзеляжы мен қанаттары өзгерген және PW GTF (АҚШ) қозғалтқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, әуе кемесі үнемді, зиянды заттарды аз шығарумен және шуыл деңгейінің төмендігімен ерекшеленеді.

Ұшақ салонында 108 орын бар және сымсыз ойын-сауық жүйесімен жабдықталады. Ол арқылы жолаушылар өздерінің құрылғыларында фильм көріп, музыка тыңдай алады.

Жаңа Embraer 190-E2 ұшағының бірінші коммерциялық рейсі 1 маусымда Алматы-Нұр-Cұлтан-Алматы бағытында орындалады. Әуелайнер Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресей қалаларына, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Гүржістан, Украина астаналарына және Қытайдың Үрімші қаласына рейстер орындайтын болады.