Карантинге жабылған үйден шатыр арқылы қашпақ болған отбасы мүшелері ұсталды
Карантинге жабылған үйден шатыр арқылы қашпақ болған отбасы мүшелері ұсталды
133
оқылды
Екібастұзда карантин тәртібін өрескел бұзған үш азамат ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Нақтырақ айтқанда, 34 жастағы ер адам карантинге жабылған тұрғын үйдің бірінші қабатындағы терезесінен секіріп түсіп, қашпақ болған. Алайда, ол автокөлігіне дейін жетіп үлгермепті. Полиция оны бірден ұстап, тұратын үйіне қайта жеткізген. Ал автокөлігін айып тұрағына алып кеткен. Екібастұзда тағы бір жағдай тіркелген. Карантинге жабылған М.Жүсіпов көшесі, 61-үйден үш адамнан тұратын отбасы шатыр арқылы қашпақ болған. «Ер адам кәмелетке толмаған қызын көтеріп алған. Алайда олардың бұл әрекеттері куәгердің камерасына түсіп қалды. Карантин режимі мен төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБжК 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады министрліктен. https://www.youtube.com/watch?v=ulBfDAEjhTU&feature=emb_logo