Алматы қаласы әкімдігі мен Бірінші кредиттік бюроның жұмыс тобы COVID-19 инфекциясының алматылықтардың тыныс-тіршілігіне әсерін талдады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жұмыс тобы бақылау қорытындысы бойынша медикаментоздық үкімет тарапынан, қабылданған барлық шаралардың, сондай-ақ карантин кезіндегі жұмыстардың дұрыстығын растап отыр. Біз әлеуметтік оқшаулау талаптарын қатаң сақтамағанда коронавирус инфекциясының шарықтау шегі мамыр айының соңына қарай Алматы қаласында он мыңнан астам адамға жетер еді. Яғни, ауру жұқтырған науқастарды ауруханаларға жатқызу үшін қаладағы медицина мекемелері аздық етер еді.
Бұл модель дәрі-дәрмектік емес үкіметтің COVID-19 вирусы сияқты жұқпалы індеттің таралуына қатысты әсерлерге жататын қоғамдық денсаулық сақтаудың түрлі шараларына ықпал етуге мүмкіндік береді.
Мұндай әдістердің бес түрін атауға болады:
- Әлеуметтік-экономикалық шаралар (мысалы, дәрі-дәрмектер сатып алу және шекараларды алдын ала жабу);
- Санитарлық-гигиеналық шаралар;
- Қозғалысты шектеу;
- Әлеуметтік қашықтық;
- Өзін-өзі оқшаулау.
Модельдің міндеті - ауырғандар мен ауруханалық күтімді қажет ететін адамдар санының сәйкестігі бойынша медициналық статистика тұрғысынан дәрі-дәрмектік емес үкіметтік шараларды қолдану сценарийлерін тестілеу болып табылады. Бұл міндет әлеуметтік оқшаулау режимінен шығу сценарийлерін есепке ала отырып қарастырылған.
Зерттеуде белгілі бір күнге нақты болжам жасау мақсаты қойылмаған, өйткені симуляциялық үлгілеу әртүрлі сценарийлерде салынған шаралардың тиімділігін тексеру үшін қажетті бірнеше есептеуіш бағдарламалардан орташаланған мәндердің тәртіптері арқылы жасалады.
Жорамалдарды енгізу кезінде қолда бар медициналық статистика мен ҚР-да популяцияның жыныстық жас бойынша таралуы қолданылды. Ол көршілес елдермен, оның ішінде Қытаймен, сондай-ақ Германиямен, Италиямен, АҚШ-пен салыстырғанда ерекшеленеді. Біздің еліміздің 60 жас шамасындағы азаматтардың салыстырмалы төмен үлесі оң фактор болып белгіленді (кестені қараңыз).
Зерттеудің барлық мәтіні шектеулі тұлғалар саны үшін ғана қолжетімді, бірақ зерттеудің жекелеген тұжырымдарынан келесілерді атап өтуге болады:
Инфекция жұқтырғандардың санын төмендету үшін маңызды бірнеше сәттерге жету қажет:
инфекция берілуі мүмкін адамдар арасындағы әсерлердің орташа санын азайту (әдеттегі өмірде 10-нан тәулігіне 1 індет жұқтырған адамға 0.1-ге дейін өзара іс-қимыл жасау);
санитарлық-гигиеналық құралдар және барлық инфекция жұқтырғаны анықталғандар карантинге алынған мекеме есебінен қарым-қатынас кезінде 5%-тен 1%-5а дейін КВИ таралу ықтималдығын түбегейлі төмендету;
әлеуметтік оқшаулаудың мұндай режимін кемінде екі ай мерзімге ұстап тұру, оны халық шаруашылығы үшін аса маңызды топтардан біртіндеп алып тастау.
Бірлесе атқарылатын бұл шаралар мультипликативті әсер береді. Алайда үкімет дәрі-дәрмексіз ықпал ету шараларынан бас тартатын болса, нәтижесі дұрыс болмайтыны анық.
Зерттеу 6 негізгі сценарий бойынша КВИ таралу динамикасына әсер етуді болжады. Симуляция көкжиегі – 200 күн. Есеп-қисап барысында барлық жеті бөлімше санының деңгейі есептелді: атап айтқанда, жұқтырғандар, ауырғандар, ауруханаға жатқызуды қажет ететін аурулар, сондай-ақ өлімге әкеп соғатын жағдайлар.
Бұдан басқа әлеуметтік оқшаулау шаралары алынып тасталғаннан кейін сырқаттың қайталап қозу ықтималдығы есепке алынды. Жұқтырушы мұндай азаматтарды қатаң әлеуметтік оқшаулауға орналастыру қажет.
Ең жоғары тәуекел деңгейі бола тұра сәуір айының басынан бастап әлеуметтік оқшаулау шараларын толық алып тастау болжанған еді. Бұл сценарий бойынша жұқтырушылардың ауруханаға жатқызылған саны 40 мыңнан асуы мүмкін, ал өлім коэффициенті жұқтырғандардың жалпы санының 2,9 пайызын құрауы мүмкін еді.
Ең аз тәуекелге ие сценарий, бұл кезде дәрі-дәрмектік емес үкіметтік әсерлердің шаралары маусым айының соңына қарай біртіндеп төмендейді. Бұл симуляциялық жағдай Денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің қолайлы деңгейін көрсетті.
Жұмыс тобына Абай Смайылов пен Александр Родионов - "Бірінші кредиттік Бюро" ЖШС өкілдері және Алматы қаласы цифрландыру басқармасының өкілдері қатысты. Бұл баяндама Александр Родионовтың мақаласы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілген жұмыс тобының сценарийлік үлгілеу нәтижелері негізінде қалыптасты.