– Мемлекет басшысының коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында жарияланған төтенше жағдай мерзімін 11 мамырға дейін ұзарту туралы шешімін қолдаймын. Себебі біз үшін бірінші кезекте халықтың денсаулығы маңызды. Ал үйде отырған халық қиналып қалмауы үшін үкімет тарапынан жақсы көмек беріліп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі мәлімдемесінде Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономиканы қалпына келтіру жөніндегі Кешенді жоспар дайындайтынын тілге тиек етті.
Рас, қазіргі таңда құрылыс, көлік, мейрамхана, туризм сияқты қызмет көрсету салалары тоқырап қалды. Бұл салаларды 1-2 айда қалпына келтіру мүмкін емес, әрине. Кей салалар жылдың соңында ған а етек-жеңін жинаса, енді бірін аяққа тұрғызу келер жылға дейін созылуы мүмкін. Кешенді жоспарда осы салаларға қалай көмек берілетіні нақты көрсетілуі керек Жеңілдетілген несие беріле ме, әлде бюджеттен қаржылай көмек беріле ме, мүмкін басқа салалар тарапынан көмектесу арқылы қолдау жасар. Мысалы, қазіргі уақытта жұмысы тоқтап тұрған әуе көлігі саласына импорт және экспорт жүктерді тасымалдауды жүктерміз.
Ал мейрамханалар мен дәмханаларға салық жағынан қолдау жасалса... Құрылыс саласына Ұлттық банктен қаржы бөліп, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы көмектесу тәжірибесі бізде бар. Меніңше, кешенді жоспарды дайындау барысында әр саланың өз мамандарымен ақылдасып отырса, оң нәтижеге жылдам жетеміз деп ойлаймын.