Ернар Айдардың лотереяға тіккен көліктерді уақытша жалға алғаны белгілі болды – видео  
Ернар Айдардың лотереяға тіккен көліктерді уақытша жалға алғаны белгілі болды – видео  
Фото: Департаменттің баспасөз қызметі
Карантин талабын бұзғаны үшін ұсталған әнші Ернар Айдардың ұтыс ойынына қатысты жаңа мәліметтер жария болды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде ұтыс ойнатқандар ұтысқа тігілген көліктерді жеке тұлғадан уақытша жалға алған. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп жатқан кезде ұсталған болатын.   https://youtu.be/KcNsNSGzs0A Ұтыс ойынын өткізген топ 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында әлеуметтік желілерде (лотереялар) төрт автомобиль (екі седан және екі джип), Алматыдағы бір бөлмелі пәтер және тұрмыстық техника және т.б. бағалы сыйлықтар үшін ойын өткізген.   https://youtu.be/h8rTxqWxYxo Шын мәнінде, ұтысқа тігілген сыйлықтар лотерея ұйымдастырушылардың иелігінде болмаған. Ойынға қатысушыларды иландыру үшін  4 автомобильді жеке тұлғалардан уақытша жалға алғаны анықталған.   https://www.youtube.com/watch?time_continue=156&v=ApAAaxb9_Tg&feature=emb_title Айта кетейік, халық сатып алған 20 мыңнан астам лотерея билеттерінің біреуі 9900 теңгеден сатылған. Біз бұған «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деп Мейрамбек Бесбаев Ернар Айдарға араша түскенін жазған болатынбыз.