Біз біргеміз!
Біз біргеміз!
229
оқылды
«SENIM Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің са­лалық кәсіптік одағы» рес­публикалық қоғамдық бір­лес­тігінің Қызылорда об­лыс­тық филиалы корона­вирус інде­тіне қарсы күресте облыс көлеміндегі медициналық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқаруда. Соның бірі – індетке қарсы күресіп жүрген медициналық қызметкерлерге көмек көрсетіп, сәл де болса тұрмыстық жағдайын көтеру. Соған орай,  облыс кө­леміндегі емдеу алдын алу ме­ке­мелерінде жұмыс істейтін бас­тауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және төрайымдары 400 370 теңгеге 250 отбасын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етті. Сонымен бірге  облыстық жұқ­палы аурулар ауруханасына 375 000 теңгеге 185 дана төсек жиынтығы табысталды. Ал облыстық жедел жәрдем стансасына  200 000 теңгеге 2 000 дана бетперде тігуге жабдық сатып алынды. Оған қоса,  600 000 теңгеге 10 дана облыс көлеміндегі емдеу мекемелерінің қажетіне адам денесінің температурасын өлшей­тін термометр алуға келісімшарт  жасалды. Нәтижесінде, «SENIM Денсаулық сақтау жүйесі жұмыс­керлерінің салалық кәсіптік ода­ғы» республикалық қоғамдық бір­лестігінің Қызылорда облыстық филиалы бірлесе отырып, бар­лығы 5 540 000 теңгеге облыс көле­міндегі медицина саласының қызмет­керлеріне көмек көрсетті.  

М.БАЙНАЗАР