Telegram-дағы қолданушылар саны – 400 миллион
Telegram-дағы қолданушылар саны – 400 миллион
225
оқылды
Telegram мессенджері аудиториясы 400 миллионға жетті. Пандемия басталғалы Telegram қолданушыларының саны өскен. Әлемнің 20-дан аса елінде жиі пайдаланылатын мессенджер қатарына кірген. Telegram-ға күніне кемі 1,5 миллион жаңа қолданушы тіркеледі. 2013 жылы Николай Дуров пен Павел Дуров Telegram желісін көпшілікке ұсынды. Алғашында мессенджер iOS платформасында қолжетімді болғанымен, кейіннен басқа да платформада жұмысын бастады. 2018 жылы мессенджерді қолданатындар саны 200 миллионға жеткен еді. Компания басшылығы енді­гіде мессенджер бейнеқоңырау функ­циясына назар аударатынын мәлімдеді. Бұл – карантин кезіндегі қажеттіліктен туған шешім. Telegram қауіпсіз бейнеқоңырау сервисін жасап шығарады. Әрі бұл қолдануға ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ Facebook желісі де топтық бейнеқоңырауға арналған Messenger Rooms сервисін таныс­тырды. WhatsApp мессенджері болса топтық қоңырау қатысушылар са­нын төрттен сегізге дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Ал Instagram же­лісі тікелей эфирді веб-нұсқада көріп, пікір жазуға мүмкіндік беруді көздейді.  

А.ЖОЛДАС