Қоғамдық көлік жұмысы қашан жанданады?
Қоғамдық көлік жұмысы қашан жанданады?
© сурет интернеттен алынды
5,170
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен карантин аяқталғанша қоғамдық көліктер жұмысы жанданбайтынын айтты. «Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі сейілмегендіктен, адамдар көп жиналатын орындар, яғни сауда және ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар мен дәмханалар (тек онлайн тапсырыс) жабық болады. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жұмысы карантин аяқталғанша қайта іске қосылмайды», - деді Б. Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінде. Осы орайда ол қоғамдық көліктерде адамдар көп жиналғандықтан, бұл жағдай инфекцияның таралуына ықпал етуі мүмкін екенін жеткізді. «Қоғамдық көлікті іске қосуды 11 мамырдан кейін қарастырамыз, яғни Мемлекеттік комиссияның тиісті шешімінен кейін», - деді әкім орынбасары.