Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды
Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
121
оқылды
29 сәуірде Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет РМК. Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, батыстан қатты жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында да 29 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 29-30 сәуірде түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел 25 м/с дейін жылдамдықпен соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 жетуі ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %