Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші рет қашан алатыны белгілі болды
Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші рет қашан алатыны белгілі болды
© inform.kz
5,177
оқылды
Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемнің екінші айға қашан берілетіндігі белгілі болды, - деп хабарлайды "ҚазАқпарат". «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екінші айға арналған әлеуметтік төлем қазақстандықтардың есепшотына бірінші төлем түскен күннен кейін бір айдан соң түседі. Яғни, 42 500 теңге төлемді сәуір айының 11-де алған азаматтар мамыр айының бірінші онкүндігінде екінші төлемге қол жеткізеді», - деп түсіндірді агенттік тілшісіне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, қазір төтенше жағдайдың жариялануына байланысты табысынан айырылған 4,28 миллионнан астам қазақстандық 42500 теңге көлемінде жәрдемақы алды.