Көңіл айту жеделхатын жолдады
Көңіл айту жеделхатын жолдады
211
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Эрик Гукасовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекет және қоғам қай­раткері, Социалистік Еңбек Ері Эрик Христофорұлы Гукасовтың қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзе­ліс­пен қабылдады. «Эрик Христофорұлы мағыналы ғұмыр кешіп, прорабтан Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орын­ба­сар­лығына дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарды. Ол республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты, жоғары мемлекеттік наградалармен және атақ­тармен марапатталды. Эрик Христофорұлы жоғары кә­сіби біліктілігімен, өз ісіне деген адалдығымен, адами қа­сиеттерімен және берік өмірлік ұстанымдарымен ерек­шеленді», делінген жеделхатта.