Вакцина жасауға 3 жыл кетеді
Вакцина жасауға 3 жыл кетеді
294
оқылды
Қазақстандық ғалым­дардың коронавирусқа қарсы вакцина жасап шы­ғаруына шамамен 3 жыл­дай уақыт кетуі мүмкін. Мұндай пікірді Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы дирек­то­ры Арнұр Нұртаев айтты. Оның айтуына қарағанда, қазір коронавирусқа қарсы вак­цина әзірлеу үшін зерттеу бас­та­лып кетіпті. Медицина ұғымымен айтқанда, «үміткер-вакцина» таң­дап алынған. Олардың саны – төртеу. Екі вакцинаны Ұлттық биотехнология орталығы әзірлеп жатса, тағы екеуін Биологиялық қауіпсіздік бойынша институттың биологиялық қауіпсіздік мәселе­лері орталығы даярлап жатыр. Әрі вакциналарды әзірлеу мерзімі 3 жылға дейін созылуы мүмкін. Сонымен қатар Арнұр Нұртаев жаһанда қазір 7 вакцина әзірленіп жатқанын айтты. Олардың 4-і қытайлық ғалымдардың, 3-і аме­рикалық және еуропалық ғалым­дардың даярлап жатқан вакци­налары. Алайда дамыған елдерде әзір­леніп жатқан вакциналардың өзі жарты жылсыз даяр бола қоюы екіталай. Тіпті, оларды шы­ғару 1,5 жылға дейін созылуы мүмкін.