COVID-19: Науқасты емдеудің құны қанша?
COVID-19: Науқасты емдеудің құны қанша?
215
оқылды
Қазақстанда корона­вирус инфекциясымен ауырған науқасты емдеу үшін күніне 15 мың теңге жұмсалады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бас­қарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтты. COVID-19 індетін жою үшін мемлекеттік бюджеттен 55,9 мил­лиард теңге қарастырылған. Оның ішінде, инфекциялық, прови­зор­лық, карантин стацио­нарына 14,7 миллиард теңге, диаг­нос­ти­калық тексеріске 5,4 миллиард теңге, 35,8 миллиард теңге дәрі­герлердің жалақысы­на қосымша өтемақы ретінде бөлінген. – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры COVID-19 ло­тымен жұмыс істейтін жеткізу­­шілермен келісімшартқа отыр­ды. Олар облыстық денгейдегі инфек­циялық, провизорлық, карантин стационары мен же­дел жәрдем стансаларына пре­парат пен ме­дициналық қон­дырғылар әкеле­ді, – дейді Ай­батыр Жұмағұлов. Онын айтуынша, қор каран­тин бойынша ем алуға жатқызу тарифін – 10 413,96 теңге; про­визорлық ем алуға жатқызу – 11 619,80 теңге; тәулік бойы инфекциялық бөлімде ем алу 15 113,34 теңге деп бекіткен. – Егер науқастан коронавирус диагнозы анықталса инфек­ция­лық стационарға жатқызылады. ОРВИ немесе пневмония болса провизорлық стационарда тек­серіледі, әрі ем алады. Корона­ви­руспен ауырған адаммен қарым-қатынаста болғандар және эпи­демиологиялық тәртіп сақтал­маған елден келгендер карантин стационарына жатқызылады, – дейді басқарма төрағасы.