Шетелдіктермен бірге ән шырқады
Шетелдіктермен бірге ән шырқады
209
оқылды
«Астана Опера» театры­ның танымал солистері ‘O sole mio әнін шетелдік әріптестерімен бірге орын­дады. Әрине, осынау әнді орындаудың онлайн ре­жимде өткенін де айта кету керек. Іс-шараға Италия, Мексика, Жапония, Қытай, Румыния мен Грузияның опера әншілері қатысты. Музыкамен «Астана Опера» театрының сим­фо­­ния­лық оркестрі сүйе­мел­деді. COVID-19 пандемиясы жа­һанды жайлап кеткен қазіргі сәтте онлайн концерт беру таңсық дүние емес. Дегенмен қандай да бір әнді түрлі елдің әншілері бірлесіп орындауы әсерлі болары сөзсіз. Шараға әлемге танылған жұлдыздардың қатысуы оның мәртебесін ас­қақтата түсті. ‘O sole mio әнін айтуға мексикалық тенор, Еуро­паның, АҚШ пен Оңтүстік Американың ірі театрларында еңбек ететін Георги Ониани, жапониялық тенор Наоюки Окада, румыниялық сопрано Адела Захария, танымал қы­тай әншісі Жоу Фей тәрізді жұлдыздар атсалысты. Қа­зақстан тарапынан әншілер Медет Шотабаев, Салтанат Ахметова, Жәмила Жарқым­баева, Бибігүл Жанұзақ сияқты өнерпаздар қатысты.  

Ардақ СҰЛТАН