Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5 мыңнан асуы мүмкін - Есмағамбетова
Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5 мыңнан асуы мүмкін -  Есмағамбетова
203
оқылды
Мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін, - деп мәлімдеді Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Баспасөз мәслихатында алдағы уақытта Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны қаншаға дейін жетуі мүмкін екендігі сұралды.
«Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3 400-ге жуық оқиғаны болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін коронавирус жұтырудың 5 300-ге тарта оқиғасы тікелуі мүмкін», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол бұдан бұрын жасалған болжамға түзетулер енгізілгенін атап өтті.
Еске сала кетейік, бір апта бұрын мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін екені айтылған еді.