Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова интернеттегі брифинг барысында еліміздің эпидемиологтары коронавирус инфекциясының екінші толқынын қай кезеңде болатындығын болжап отырғанын айтты.
Ол коронавирус инфекциясының өздігінен жоғалып кетпейтінін, оның SARS, тұмау сияқты маусым сайын бой көтеретін инфекциялар қатарына енетінін еске салды.
"Алдын-ала мәліметтер бойынша, COVID-19 SARS және тұмау сияқты маусым сайын бой көрсетуімен сипатталады. Яғни, жұқпалы инфекция қыркүйектің соңы - қазан айының басында төбе көрсетіп, сәуір айының соңы, мамыр айының басында басылуы мүмкін", - деді Есмағамбетова.
Бүгінгі таңда оның айтуынша, коронавирус - бұл жаңа вирус және күн сайын ол мутацияға ұшырап, оның алдын-алу туралы жаңа мәліметтер пайда болуда.