Оңтүстік Кореядағы өрт: 78 құрылысшыны әлі таппай жатыр
Оңтүстік Кореядағы өрт: 78 құрылысшыны әлі таппай жатыр
Фото: Интернеттен алынды
171
оқылды
Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласында құрылыс алаңындағы өрт құрбандарының саны 36 адамға жетті. Yonhap агенттігінің мәліметінше, қаза тапқандар саны бұдан да артуы мүмкін. Себебі өрт шыққан уақытта құрылыс алаңында болған шамамен 78 адамның басым бөлігінің қайда екені белгісіз. Бұдан бөлек, оқиға салдарынан 10 жұмысшы түрлі деңгейде жарақат алған. Өрт сөндірушілердің айтуынша, Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым қашықтықта орналасқан Инчхондағы өрт жергілікті уақытпен 13:32-де басталған. Құтқарушылар өртті тек 18:42-де ғана сөндірген. Жергілікті биліктің пайымынша, өрт оқшаулау жұмыстары үшін пайдаланылатын жанғыш химиялық зат – уретанмен жұмыс істеу кезінде және құрылыс алаңының жертөлесінде жүк лифтін орнату барысында болған жарылыстан кейін тұтанды. «Қазақпараттың» жазуынша, «Өрт өте жылдам тараған және құрбандардың эвакуациялануға мүмкіндіктері болмаған», – деп мәлімдеген өрт сөндірушілер. Президент Мун Чжэ Ин Оңтүстік Корея үкіметіне із-түссіз жоғалғандарды табу, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуді бұйырды.