Елордада 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін мекемелер тізімі кеңейтілді
Елордада 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісетін мекемелер тізімі кеңейтілді
© сурет интернеттен алынды
5,199
оқылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантиндік аймақ аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың шешімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап. Коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның а.ж. 29 сәуірдегі хаттамасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин аймағының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб басшысы (бұдан әрі – Штаб) шешім қабылдады. Онда 2020 жылғы 4 мамырдағы сағат 00:00-ден бастап Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешіміне қосымшада көзделген рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі толықтырылған.   Атап айтқанда, сағат 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен жалпы алаңы 500 м² дейін азық-түліктік емес дүкендер (барлық бағыттар); шаштараздар, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары (алдын ала жазылу бойынша, залда 3 клиенттен көп емес болуы, үй-жайларды күнделікті өңдеу); жеке сот орындаушылары (алдын ала жазылу бойынша); адвокаттар (алдын ала жазылу бойынша); медициналық орталықтар (алдын ала жазылу бойынша); стоматологиялық клиникалар (алдын ала жазылу бойынша); жарнама агенттіктері (алдын ала жазылу бойынша); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары және төлем терминалдарына қызмет көрсету; фотосалондар және гүл дүкендері; клинингтік қызметтер; көшедегі спорт сабақтары мен жаттығулар; ұялы телефондарды жөндеу және аксессуарларды сату, кілттерді, сағаттарды, құлыптарды және т. б. жөндеу және дайындау. Сондай- ақ карантин мен төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде қаржы нарығының субъектілері қаржы нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органдар шығаратын актілерге сәйкес қызметті жүзеге асыратын болады. Ал 2020 жылғы 4 мамырда сағат 9: 00-ден бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейтілген түрде сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09: 00-ден 17:00-ге дейін жұмыс кестесімен тек қана кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету үшін Мәңгілік Ел даңғылы, № 30 («Есіл» ауданының №1 бөлімі) мекенжайы және тек қана автосалондар үшін қызметтер көрсету үшін 20-40 к-сі, № 2 (Мамандандырылған бөлім) мекенжайы бойынша орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта басталады. Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешіміне қосымшада көрсетілген ұйымдар мен кәсіпорындар үшін жоғарыда аталған және рұқсат етілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызметтің барлық өзге де түрлері карантин және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде тоқтатылған түрінде қалады. Еске сала кетсек, бұған дейін биылғы 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілген болатын.