Кеше Алматы облысы Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың бір жағдайы тіркелді. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Науқас Шелек ауылындағы аудандық ауруханасына жатқызылды. Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылады", делінген хабарламада.