Қазақстанда коронавирустың тарауы шілденің соңында түбегейлі тоқтайды – болжам
Қазақстанда коронавирустың тарауы шілденің соңында түбегейлі тоқтайды – болжам
© сурет интернеттен алынды
144
оқылды
Сингапурдың технология мен дизайн университетінің және Массачусетс технологиялық университетінің ғалымдары бірлесіп, COVID-19 вирусының әлем елдеріне әсері мен таралу қарқынын болжайтын сайт жасап шығарды. Аталған елдер тізімінде Қазақстан да бар, - деп жазады azattyq-ruhy.kz. Болжамды түзу үшін ғалымдар математикалық SIR-моделін қолданған. Ол ауру жұқтыруға бейім, ауырған және аурудан емделіп шыққан науқастардың санын, сондай-ақ, олардың ауырған кезеңін, вирус жұқтырған адамның өзгелермен байланысын түгелдей есептейді деп жазады Naked Science. Сайттағы графикалар коронавирус жайлы жаңа деректер пайда бола салысымен өзгеріп отырады. Ғалымдардың өздері аталған сайттағы болжамдарды 100% пайыз орындалады деп қабылдауға болмайтынын айтады. Мәселен, Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі сәуір айының соңына қарай болып өткен. Ғалымдардың болжамынша, 2 маусымда вирусты жұқтыру 97 пайызға азайса, 14 маусымда – 99 пайызды көрсетеді. Ал, 28 шілдеде елімізде коронавирустың таралуы түбегейлі тоқтайды деп көрсетілген аталған сайтта. Вирус әр елде әрқалай тарағандықтан, Жер бетінде оның таралу қарқыны күзде бәсеңдеп, биыл 1 желтоқсанда пандемия түбегейлі тоқтауы тиіс. Дегенмен, ғалымдар бұл болжамға сүйеніп, карантинді уақытынан бұрын алып тастауға болмайтынын тағы ескертті.