Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
© сурет интернеттен алынды
122
оқылды
Қазгидромет Қазақстанның алты өңірінде 1 мамырда ауа райына байланысты ескерту жариялады. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Елордада да 1 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болады. Павлодар облысында батыс желі түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен соғады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %.