27 сәуір 2020 жылы Арқалық қаласындағы 84 жастағы пациенттің үйдегі өлім жағдайын зерттеу бойынша комиссия өткізілді, - деп хабарлады Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Зерттелген медициналық құжаттамаға сәйкес пациент 2020 жылдың наурыз айынан бастап тіркелген орны бойынша «артериалдық гипертония, 3 кезең, 3 тәуекел, гипертензивті энцефалопатия» диагнозымен Арқалық қалалық емханасында «Д» есепте тұрған.
Соңғы екі айда негізгі ауру бойынша үйге бірнеше рет медициналық жедел жәрдем шақырулар жүзеге асырылғандығы анықталды, оған дәлел - медициналық ақпараттық жүйесі.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, сондай-ақ пациенттің жасын және созылмалы аурудың болуын ескере отырып, комиссия осы пациенттің өлімі жүрек-қан қызметінің жеткіліксіздігі аясында болда деген қорытындыға келді.
Коронавирус инфекциясына оң нәтиже қосалқы ауру болып табылады.