Семейдің Достық үйі ертеңгі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін онлайн форматта атап өтетін болды.
Алаш қайраткерлерінің қаласында қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты ынтымақ күнін онлайн-режимде өткізу туралы шешім қабылданып отыр. Қалалық Достық үйі тұрғындар үшін бірқатар арнайы іс-шаралар легін күні бұрын алдын ала әзірлеп қойыпты.
Қалалық Достық үйінің директоры Надежда Шарованың айтуынша, осыған дейін 27 сәуірден 1 мамырға дейінгі аралықта әлеуметтік желілерде мерекеге арналған түрлі бейнероликтер, бейне байқаулар өткізілген. Ең бастысы, көрермендер онлайн-концерттерді тамашалайтын болады.
Ертең Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында этномәдени орталықтардың тарихын толғаған видео материал ұсынылады. Сондай-ақ, қолдан жасалған бұйымдар арасында онлайн байқаулар мен шеберлік сыныптары өткізілетін болады.
Дәурен Аллабергенұлы,
Шығыс Қазақстан.