500 отбасыға азық-түлік тегін таратылды
500 отбасыға азық-түлік тегін таратылды
5,228
оқылды
#BizBirgemiz қайырымдылық акциясы – кез келген адам­ның жақ­сы іс жасай алатынының жарқын дәлелі. Бү­гінде Батыс Қазақстан облысында Nur Otan партиясының бас­тамасымен аталған акция жалғасуда. Науқанның негізгі мақ­саты – күрделі кезеңде қала халқының әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету. Осы акция аясында облы­сы­мыздың кәсіпкерлері, меценаттары, депутаттық фракция мүшелері және партия белсенділері қайырымдылық жасап, мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп жатыр. – Мұндай қиын сәтте жеке жауап­­кершіліктен бөлек, мем­ле­кет­­­­тің әлеуметтік қамқорлығы аса маңыз­ды. Төтенше жағдай ке­­­зін­де мем­лекет пен Birgemiz қо­­ры мұқ­таж отбасыларға қар­қын­­ды көмек көр­сетіп келеді. Осын­дай үлкен іс­тердің атқа­рылу­ы­на еріктілердің де еңбегі зор. Олар күн сайын ан­ти­септик, азық-түлік және бет­пер­де тара­ту­да, – деп атап өтті Nur Otan пар­­­тиясы Ба­тыс Қазақстан об­лыс­­тық филиалы төрағасының бі­рін­ші орынбасары Мұрат Мұ­қаев. Ауқымды қайырымдылық ак­­ция ағымдағы жылдың 20 нау­ры­­зында бастау алды. Бүгінгі таң­да об­лыс бойынша 4 234 от­басы қам­тыл­ған. Ұйымдастыру­шы­­лар ка­ран­тин мерзімі біткен­ше өтініш біл­дірген тағы 500 от­ба­­­­­сыны қам­туды жоспарлап отыр. Осылайша, БҚО-да 5 000-нан астам отбасыға азық-түлік се­беті үлестіріледі. – Карантин кезінде қайы­рым­­ды­лықпен айналысып, мұқ­таж адам­дарға көмектесу арқылы ак­цияға өз үлесімізді қосып жа­тыр­­мыз. Халыққа жәрдемдесу, көп­­­ба­ла­лы аналарға, мүгедек­тер­ге қуа­ныш сыйлау үлкен сауапты іс са­на­лады. Сондықтан бәріміз қо­лы­мыздан келгенше жақсылық жа­сауға асығайық, – дейді во­лон­тер Саламат Сәрсенбай. Бүгінде акцияға журналистер, бло­­г­ерлер, облыс спортшылары мен өнер адамдары атсалысуда.  

Әбілмансұр ЖАСАН