Су басқан ауылдардың үстінен видео түсірілді
Су басқан ауылдардың үстінен видео түсірілді
208
оқылды
Естеріңізге сала кетейік кеше Өзбекстан Республикасындағы "Сордаба" су қоймасының жарылу салдары көрші жатқан Мақтаарал ауданына жеткен болатын. Түнде су басу қаупі бар деген Жеңіс және Жаңатұрмыс ауылынан 5400 адам көшірілді. Жеке көліктері барлар өздері көшсе, көлігі жоқтарға жедел құрылған штаб көмектесіп, көрші ауылдағы мектептерге жайғасты. Эвакуациялау шараларына 300 орындық 6 автобус, Ұлттық гвардияның 6506 бөлімшесінен 300 адам, 120 орындық 4 вахталық КаМАЗ, аудандық полиция, жергілікті атқарушы орган көліктері мен қызметкерлері толық атсалысты. Н. Назарбек. https://www.youtube.com/watch?v=htRkVuW_W8o