Өзбекстандағы «Сордаба» су қоймасының жарылуына орай көршілес жатқан Мақтаарал ауданына келген залалдың салдарынан Жеңіс ауылы су астында қалды.
Бұл туралы блогер Олжас Мамырдың хабарлауынша, тұрғындар түгел эвакуацияланды. Ал, ауылды эвакуациялау кезінде төтенше жағдай қызметінің 2 азаматы ауылды түгел көшіріп жүргенде өздері соңында су астында қалған болатын.
Олар ауылда қалғанын көліктерінің жарығын өшіріп-жағу арқылы белгі білдірген. Мақтааралдық еріктілер қайықпен 2 азаматты құтқарып алып келді.
Н. Назарбек.