Еріктілер жолға шықты
Еріктілер жолға шықты
159
оқылды
Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға орай мектептерге  эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсету шаралары жүріп жатыр. Түркістан облысы және Шымкент қаласының ерікті жастары шұғыл түрде көмек көрсетуге кірісіп кетті. Олардың қатарында Созақ, Кентау, Түркістан, Отырар, Бәйдібек аудандары жастар орталықтарының мүшелері бар. Ал, екінші топқа Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Ордабасы, Арыс, Қазығұрт аудандарының жастары қосылды. Оларға аудандық жастар орталықтарының басшылары жетекшілік етуде. Еріктілердің бірқатары жолға шықты. Олар оқиға орнына жеткен соң қандай көмек керек екенін хабарлайды. Сонымен бірге, қаржы жинау жағын да ұйымдастыруда.                                                                                                                                                         Н.НАЗАРБЕК