Біртанов екпе салдыруға қарсы адамдарды не күтіп тұрғанын айтты
Біртанов екпе салдыруға қарсы адамдарды не күтіп тұрғанын айтты
Фото: Интернеттен алынды
176
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында дамыған елдер халқын коронавирус пандемиясына қарсы екпе егуге кезекке қойып жатқанын жазды. Министр парақшасында мемлекеттердің пандемиядан шығу стратегиясына арналған Bloomberg мақаласын жариялады. Жазбасында бүкіл әлем вакцинациялауға жете мән беріп жатқаны жазылған. «Бізді кейбір «жолдастар» жаппай вакцинациялауға қарсы болып жатқан кезде дамыған елдер өз халқы үшін коронавирус пандемиясына қарсы вакцина салдыруға кезекке тұрып жатыр. Бәрі бөлініп қойған сыңайлы. Алдағы жаз мезгілінде «COVID-19-ға екпе жасалмағандарға кіруге тыйым салынады» деген тақтайшалардың бүкіл Еуропа елдерінде пайда болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды», – деп жазды Елжан Біртанов.